Конституциялық реформа. Қай бап қалай өзгереді. 56-бап
56-бап негізінен Парламент мәжілісінің ерекше қарауына жататын міндеттерге негізделген.
2 тармақ, 4 тармақшадан тұратын бұл бап 2007 жылы толықтай жаңа редакцияда жазылған болатын. Иә, әдеттегідей бұл өзгертуді де қарапайым халық емес, Парламент палаталары өз еркімен өзгерткен еді. Ал осы жолы жаңа жоба бойынша 56-баптың 1-тармағының екі тармақшасы өзгеріске ұсынылды. Өзгерісті референдум арқылы халық өзі жасайды.
Анығырақ айтар болсақ, қазіргі қолданыстағы Конституцияда 56-баптың 1-тармағының 1-тармақшасында Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарауға» міндетті болатын. Енді жаңа жоба бойынша Парламент мәжілісі «Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылда










